Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

26.10.2018 Выкл. Автор admin
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

2018 жылдың 26 қазан күні аудандық кітапхана қызметкерлері арасында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына байланысты дөңгелек стол өткізілді.

Шара барысында аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова 6 бағыттан тұратын халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа Жолдаудың мән – маңызына тоқталып, оның жүзеге асуына көп болып жұмылып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Талқылауға жиылған қауым Елбасының бұған дейінгі Жолдаулары еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді айқындауға бағытталса, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанына қолдау білдіріп, жолдауға байланысты өз пікірлерін білдірді.

Шараға 53 маман қатысты.