Сыр сұлуы –Қызылорда

04.10.2018 Выкл. Автор admin
Сыр сұлуы –Қызылорда

Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында алты алаштың анасы болған Сыр елінің бас қаласы Қызылорданың 200 жылдығына «Сыр сұлуы –Қызылорда» атты әдеби сазды кеш өтті .

Шара барысында клуб қызметкерлері Т.Тұрсынбаев пен Ф.Бакиров «Сыр елім» атты әнімен ашып,  оқушылар Қызылорда қаласына арналған өлеңдер оқыды.  Мақсаты:  Оқырмандарға  сүйікті қаламыз – Қызылорда туралы мәлімет беру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Шараға 36 адам қатысты.