«Теңіз тектес – тектілік» атты жазба ақындар мүшайрасы

13.09.2018 Выкл. Автор admin
«Теңіз тектес – тектілік» атты жазба ақындар мүшайрасы

13 қыркүйек күні Манап Көкенов атындағы шығармашылық өнер мектебі мен Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы бірлесе отырып жерлесіміз, айтыс ақыны М.Көновтің 90 жылдық мерейтойына орай «Теңіз тектес – тектілік» атты жазба ақындар мүшайрасын өткізді. Мақсаты М.Көкеновтың шығармашылығын насихаттау. Жастар арасынан тума дарындарды анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Жас ақындарға рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін жандандыру.

Мүшайраның ережесі бойынша мектеп жасындағы жас дарындар жарыса топқа түсті. Ақындар бірінші кезекте М.Көкеновке арнауын оқыса, кезеңде еркін тақырыпта өз өлеңдерін ортаға салды. Жыр аламанына әділ төрелігін берген М.Көкенов шығармашылық  өнер мектебінің директоры У.Ибрагимов пен облысқа белгілі ақын Е.Мұстафаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Ә.Темірбек  болашақ Манаптың ізін жалғайтын өрендерге сәттілік тіледі. Барлық қатысушылардан оқ бойы алға шыққан үш оқушыға аз уақытта «Күз» тақырыбында өлең жазу тапсырылып, жанкүйер ұстаздарға әнші Ә,Байкенжеев ән шырқап, рухани сый көрсетті.кітапханашы А.Жаханова  «Өлеңнің жүйрік дүлділі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен алғашқы боп өлеңін оқыған Д.Мәдібекова жүлделі 3 орын, Манап ауылынан келген қатысушы М.Нұрсел 2 орын, №125 мектебінің 9 сынып оқушысы А.Сержан 1 орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушыларға алғысхаттар, шәкірттеріне демеу болып келген ұстаздар мен кітапханашыларға құрмет көрсетілді.