Білім кілті кітапханада

06.02.2019 Выкл. Автор admin
Білім кілті кітапханада

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың  6 ақпан  күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг орталығының» ашылу салтанаты өткізілді. Шара барысында №163 орта мектебінің 4 а сынып оқушылары арасында «Білім кілті кітапханада» атты интеллектуалдық шоу өткізіліп, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін шыңдай түсті. Мақсаты: Оқырманның кітапханаға деген қызығушылығын ояту. Кітап оқуға шақыру. Оқырмандарға жайлы қызмет көрсету.