«Ертегімен есейем»

11.02.2020 Выкл. Автор admin
«Ертегімен  есейем»

2020 жылдың   11 ақпан күні  Бесарық  ауылдық кітапханасында  «Ертегімен  есейем»  атты жобасы аясында «Алтын сақа» ертегісінен  дауыстап оқу өтті. Мақсаты:  Еліміздің болашағы —  жас ұрпақтарымыздың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамыту, ертегі оқу арқылы жас жеткіншектердің кітап оқуға, білімге құштарлығын арттыру, сөз байлығын жетілдіру, кітапханаға қызығушылығын оятып, кітапханаға оқырман тарту.

Осы мақсатта №8 «Айгөлек» балабақшасының  ересектер тобы  тәрбиешілерімен  кітапханаға  келіп,  балаларға арналған  кітап бұрышымен танысты.  Кітапханашы «Алтын сақа» ертегісін оқып,   «Сақа», «Тұлпар», «Жалмауыз кемпір»,  «Түлкі», «Қарлығаш» т.б  ертегі кейіпкерлеріне түсініктеме берді.  Балалар өз түсініктерін айтып, кітапханадағы балаларға арналған кітаптармен танысып шықты.