«Туған өлкем –қандай көркем»

12.02.2020 Выкл. Автор admin
«Туған  өлкем –қандай көркем»

Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруда ұлттық рухымызды дәріптеп сақтау және  «Туған өлкем»  жобасы бойынша туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында   12 ақпан  күні «Туған  өлкем –қандай көркем»  атты  суретті саяхат таныстырылымы өтті.  Суретті саяхат таныстырылымға №168 И.Әбдікәрімов атындағы  жалпы орта мектебінің 2 сынып жетекшісі Исаходжаева Эльвира және  оқушылары қатысты.

Кітапханашы А.Рустемова кітапхана оқырмандарына  Қ.Р. Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің көріністерінің бірі», — деген сөзіне кеңінен тоқталып, туған жерді қадірлеудің маңыздылығы жайлы айтып өтті және ауылдың  көнекөз қариялар мен  ауылдағы әртүрлі саладағы  еңбек озаттары  және ел ағаларының ауылдың көркейіп дамуына үлес қосып жүрген мамандар жайлы , ауылдың құрылу тарихы жайлы жазылған  2017 жылы жарық көрген «Құтты қоңыс Қожакент», 2018 жылы шыққан Әсет Шоманұлының «Қожакент» атты кітаптары жайлы  оқырмандарға таныстырылды.                Оқырмандар ауыл жайлы,  туған өлке жайлы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Жастардың бойына ізгілік нұрын себетін, өнеге боларлық рухани шара  болды.

Мақсаты: Ауылдың  көрікті жерлерімен таныстырып оқырмандардың елге жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Кітапхана оқырмандары арасында «Құтты қоныс Қожакент » кітабы  бойынша, ауылдың атақты адамдарының өмірбаяндарымен, еңбек жолдарымен таныстыру.