«Ана – өмір шырағы»

06.03.2020 Выкл. Автор admin
«Ана – өмір шырағы»

6 наурыз күні  Халықаралық әйелдер күніне орай №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №169 орта мектепте  «Ана – өмір шырағы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

Мақсаты: 8 наурыз — Халықаралық  әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

«Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ» дегендей  6 наурыз күні №169 орта мектепте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты,  «Ана – өмір шырағы» атты кітап көрмесі жасақталды.