«Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан»

14.12.2020 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан»

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  желтоқсан айының 14-ші жұлдызында тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан»   атты бейнеролигін ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырманға еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бейнероликте 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы, еліміздің жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекет екендігі, қазақстан тарихының парағы парасат пен пайымға толы екендігі жайлы баяндалған.