«Аңызға айналған ғұмыр»

12.11.2020 Выкл. Автор admin
«Аңызға айналған ғұмыр»

Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Аңызға айналған ғұмыр» атты онлайн кітап көрмесін ұсынылды. Мақсаты: батырдың биік тарихи тұлғасына тереңірек тану, өнегелі ерлігі бүгінгі ұрпаққа барынша үлгі ету.

Көрмеге ұлы тұлғаның майдандағы қаһармандығы мен тылдағы ерлік істері туралы тың деректерге толы хаттар, кітаптары, «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотоальбом қойылды. Сондай-ақ жазушының «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Қанмен жазылған кітап», «Психология войны», «Соғыс қателікті кешірмейді», «Курландия майданы», «Айтылмаған ақиқат» атты кітаптары қойылды.