«Егеменмін. Тәуелсізбін. Азатпын»

15.12.2020 Выкл. Автор admin
«Егеменмін. Тәуелсізбін. Азатпын»

2020 жылдың 15 желтоқсан күні №1 кенттік кітапханада тәуелсіздік күніне орай «Егеменмін. Тәуелсізбін. Азатпын» атты онлайн оқу ұйымдастырылды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Кештің мақсаты: Жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру, мәдениеті мен дәстүрін тануға көмектесу, сонымен қатар өнерге баулу.

Кітапхананың тұрақты оқырманы, №125 С. Сапарбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сабыр Шұғыла тәуелсіздік күніне өз өлеңін арнады. Өлең шумақтарында қазақ батырларын қыран құсқа теңеп, алғырлықтарын, қайтпас қайсарлықтарын, тәуелсіздікке жету жолында қаншама  қанның төгілгенін және  ерен еңбектерін айтып өтті. Агро колледж студенті Амангелді Асхат өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік туын биікке көтерген Қазақстан халқының жарқын бейнесі жайында өлеңдер оқыды және көңіл толқытар патриоттық әндер шырқалды. Ұлт мерекесіне тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын деген ізгі ниеттерін жастар өнерлері арқылы білдірді.