«Дана да, дара тұлға – Бауыржан Момышұлы»

12.11.2020 Выкл. Автор admin
«Дана да, дара тұлға – Бауыржан Момышұлы»

2020 жылы 12 қараша күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №125 С.Сапарбеков атындағы 5-сынып оқушылары елін емірене қадірлейтін, білімін-бағдар, өмірін-өнеге, тағдырын, талантын, тазалығын-тағылым тұтатын асылымыз, Ұлы қолбасшы, Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына 110 жыл толуына орай, «Дана да, дара тұлға – Бауыржан Момышұлы» атты өнеге сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар Бауыржан Момышұлының қандай тұлға екенін, оның шығармаларына жеке-жеке тоқталып, соғыс кезіндегі қиыншылықтарын, жеңіске жету жолындағы ерен еңбектерін толық айтып өтті және де қаһарманға арнап шығарған өз өлеңдерін де айтып, қағаз бетіне түсіріп берді. Кітапханалық сабаққа ұйымшылдықпен дайындаған 5 сынып жетекшісі Л.Исахановаға алғыс берілді.

Өнеге сағаттың мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, құрметтеуге, аталар өсиетін өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Көрмеге «Москва үшін шайқас», «Арпалыс», майданда жүріп, туған – туыстарына, дос – жарандарына жазып жүрген хаттары жинақталған «Алыстан сәлем жолдаймын» және өзінің туып өскен жерін, елін, сол ауыл адамдарының мінез-құлықтарын, дәстүрлері жайлы сипаттайтын «Ұшқан ұя» атты кітаптары қойылды.