«Ғасыр ақыны — Мұқағали»

29.01.2021 Выкл. Автор admin
«Ғасыр ақыны — Мұқағали»

29  қаңтар күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен М.Көкенов атындағы шығармашылық ұжымының бірлесуімен  ақиық ақын  саф өлеңнің жүйрігі,  қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Ғасыр ақыны — Мұқағали»  атты поэзия  кеші өткізілді.

Мақсаты: XX ғасырдың  таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау, ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның  парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы жүргізіп,  оқушылар «Мен қарапайым қарттарды сүйем», «Сәкенге», «Отан», «Отаным» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын шығармашылығына арналған «Қазақ жырының құдіреті» атты кітап көрмесімен кітапханашы М.Жиенбаева таныстырып өтті. Сондай-ақ М.Көкенов атындағы шығармашылық ұжымының жетекші маманы У.Ибрагимов шараны қорытындылап, қатысушыларды алғысхаттармен марапаттап, ақынның сөзіне жазылған «Бесік басында» атты әнін орындады.