«Жүз жасаған бәйтерек»

10.02.2021 Выкл. Автор admin
«Жүз жасаған бәйтерек»

10 қаңтар күні  Кейден ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен        ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына «Жүз жасаған бәйтерек» атты поэзия кеші болып өтті. Шараға №208 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысып, «Жалғызбын деп жүрмесін», «Кекті ашу», «Ұсталарға»,  «Өмір жыры», «Белсенділерге» атты өлеңдерін оқып,  «Жамбыл мен Айкүміс» атты айтысынан үзінділер көрсетті.

Кітапханашы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шараның мақсаты: Оқырманға ақынның талантын жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін ояту, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.