«Туған жер — тұғырым»

12.02.2021 Выкл. Автор admin
«Туған жер — тұғырым»

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 12 ақпан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған жер — тұғырым» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі жасалды.

Мақсаты: Әрбір азаматты туған өлкесін, оның тарихын, байлығын, табиғатын қадірлеуге, еліміздің көркеюіне еңбек етуге шақыру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кітапханашы А.Көшербаев оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, ауылдың құрылу тарихына шолу жасады. Көрмеге ауыл тұрғыны Күнқожаев Егенбердінің «Туған жер» кітабы, ақын Дінислам Доскелдінің «Сағыныш» кітабы. Жас ақын Айтөре Назеркенің «Балауса балғын жырларым» кітабы, жазушы, ақын Ермахан Төреқожаевтың «Түгіскен таңы», «Қас қағым сәт», «Аққорған», «Сырлы күмбез» кітаптары, «Түгіскенді түлеткен елге – 50 жыл», «Білім мен парасат ордасына – 50 жыл», «Жаңарған Жаңақорған» т.б. кітаптар қойылды.