«Туған елге – мың алғыс!»

01.03.2021 Выкл. Автор admin
«Туған елге – мың алғыс!»

Түгіскен ауылдық кітапханасында 2021 жылдың 1 наурыз күні ауыл әкімдігінің жастар жетекшісі С.Құтпанбетова мен кітапханашы А.Көшербаевтың ұйымдастыруымен  1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Туған елге – мың алғыс!» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір – біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын мерекенің маңыздылығын түсіндіру, әр азаматқа туған жерді құрметтей білуге, ата – анаға, бүкіл адамзатқа деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын арттыру. Кешті кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, алғыс айту күнімен көпшілікті құттықтап, қысқаша баяндама жасады. Алғыс айту күнін мерекелеудің басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамыту, қазақстандық құндылықтарды  бағалау болып табылатындығын айтты. Сондай-ақ бірге ауыл жастары елге деген ерекше тілектерін айта келе ауылымыздың тұрғыны Саидюнусов Саидюсупке ауыл жастары аср әдісімен тұрғын үй салып берген ауыл жастарына деген тілегін, алғысын білдіріп, әрқашан ауызбіршілікте болып қиын сәтте кез келген ауыл азаматына көмек беруге дайын екендіктерін атап өтті. Ауыл тұрғыны Т.Абуталипов алғыс айту күніне деген игі тілегін білдіре отырып, үстіміздегі жылдығ 5 ақпан күні үйі өртке оранған ауыл тұрғыны Қ.Қоңыратбаеавтың отбасына қаржылай көмек көрсетіп, қазіргі уақытта асар әдісімен жаңадан тұрғын үй салынып, шатыры жабуда көмек қолын созған бүкіл ауыл азаматтарына деген шексіз алғысын білдірді. Шара барысында ауыл әкімдігінің жастар жетекшісі С.Құтпанбетова құттықтау сөз сөйлеп, өзінің шексіз алғысын білдірді. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір – біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болып саналады.