«Армысың Әз наурыз!»

19.03.2021 Выкл. Автор admin
«Армысың Әз наурыз!»

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен наурыздың 19 күні  Наурыз мерекесіне орай «Армысың Әз наурыз!»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқушыларға ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының тарихы жайлы және қазақтың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Кітапханашы Н.Есіркепова слайд арқылы «Наурыз» мейрамының тарихы жайлы, Наурыз мерекесінің тойлау дәстүрі «Наурыз көже»  қазақ дәстүрлері туралы оқушыларға түсіндірді. Көрмеде ұсынылған кітаптар тізімі: Шығыс шайыры Омар Һаямның «Наурызнама, әлемдік мәдениет тану ой-санасы «Дәстүр мен ұғым мен тәсіл», Ш.Әбдуалиеваның «Өресі биік, өрісі кең өнер», М Әбуғазының «Қазақтың домбыра өнері», Ш.Байділдаұлының «Қазақтың Ою-өрнектері» , Б.Төлеген «Ұлт жауһарлары», Б.Қыдырбек «Ән шырқайық» , Қ.Тынышбаевтың » Қазақтың қолөнері», «Сырмақ өнері», «Өрнек жолы» «Қазақ халқының ою-өрнектері», «Қазақ халықтарының ұлттық киімдері».