«Қазақ халқының ырым-тыйымдары»

18.03.2021 Выкл. Автор admin
«Қазақ халқының ырым-тыйымдары»

Аудандық орталық кітапхана мен аудандық оқушылар үйімен бірлесіп «Қазақ халқының ырым-тыйымдары» атты өнеге сағаты өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында «Кім көп біледі айдары?» бойынша оқушылар өздерінің қаншалықты тыйым сөздер білетінін айтып жарысты. Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында балаларды тәрбиелеуге байланысты ұлттық нақыштармен безендірілген сахнада көріністер көрсетілді. Сонымен қатар «Білгенге маржан» тыйым сөздердің мағынасын оқушылар ашып, «Ата мен бала» өсиеті жайлы көрініс көрсетілді. Жиылған жұрт мерекелік дастарханда наурыз көжеден дәм татты. Қазақтың ұлттық билері биленіп, ән айтылды. Жаңақорған аудандық оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Сағатқызы «Әз Наурыз – татулық мерекесі» атты кітап көрмесін жасап, оқушыларға таныстырды. Мерекелік кешті кітапхана меңгерушісі М.Алжанова жиналған қауымға тілегін айтып қорытындылады.