«Өмірін өрген өлеңмен»

29.04.2021 Выкл. Автор admin
«Өмірін өрген өлеңмен»

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен сәуір айының 29-ы күні  Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өмірін өрген өлеңмен» атты жыр оқу өткізілді.

Мақсаты: Ақын Қасым Аманжоловтың өмірімен таныстыру, шығармашылығынан жан — жақты мәліметтер бере отырып танымдық көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Поэзиялық шығармаларды оқытуға ынта — жігерін арттыру, Қасым Аманжолов өлеңдері арқылы қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін сараптай білуге үйрете отырып олардың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту.

Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы, оқушылар  ақынның «Дүниеге жар»,  «Балалар біздің болашақ»,  «Күндей шалқып күлгенің», «Аспанымды бұлт  торлап», «Атамекен» т.б өлеңдері оқыды.