«Кітап-тарих шежіре»

23.04.2021 Выкл. Автор admin
«Кітап-тарих шежіре»

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен сәуір  айының 23-і  күні  23 – сәуір  Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап-тарих шежіре» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Мақсаты: Оқушылардың назарын кітап оқуға аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген    қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Көрмеде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан жазушылар одағы  2021 жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жариялады. Осыған байланысты кітап көрмесінде ағартушы Ыбырай Алтынсаринның «Таза бұлақ» ,  Қайрат Жұмағалиевтің  «Ақ тайлақ» Ескен Елубаевтың «Көк жейде»,  Ермек  Өтетілеуовтің «Ең күшті адам», Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек»,  Зира Наурызбаева Лиля Калаустың  «Алтын тостағанды іздеу» атты кітаптары қойылып оқуға ұсынылды. Сондай-ақ Қазақтың ұлттық ойындары, қазақ жаңылпаштары, қазақ ертегі кітаптары  қойылып оқырмандарға оқуға ұсынылды.