«Сырдың жыршы бұлбұлы — айтыстың асқан дүлдүлі»

21.05.2021 Выкл. Автор admin
«Сырдың жыршы бұлбұлы — айтыстың асқан дүлдүлі»

2021 жылдың 21  мамыр  күні Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ақын Манап Көкеновтың 92 жылдығына орай «Сырдың жыршы бұлбұлы — айтыстың асқан дүлдүлі» атты онлайн еске алу кеші  ұсынылды.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Манап Көкеновтың шығармаларын, ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа таныту. Манап Көкенов өмірімен таныстыру.

Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынып, оқушылар  ақынның  өлеңдерін оқыса, клуб қызметкері С.Манап «Адай» күйін орындады. Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасында көр­сетілгендей, Манап ақын зерттеп­ қалдырған мұраны, тарихи­-мәдени мұрамызды елге насихаттау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Ақынның маржандай мол мұрасынан кейінгі ұрпақтың өнеге-тәлім алып өсе беретіні сөзсіз. Оның жыр-тол­ғаулары сарқылмайтын бұлақ көзіндей, жалғасын жасай бере­тін өмірдің өзіндей өміршең құбылыс болып қала бермек.