«Елорда — елдің бірлігі»

06.07.2021 Выкл. Автор admin
«Елорда — елдің бірлігі»

Жаңақорған аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 6 шілде Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Елорда — елдің бірлігі» атты онлайн кітап көрмесі ұсынылды. Мақсаты: Оқырмандарға Елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Нұр-Сұлтанның абыройын асқақтату және ғасырлық дәстүрді сабақтастырған Нұр-Сұлтанның бүгінгі келбетінен мол мағұлмат беру.

Мерекелік іс-шара онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз онлайн кітап көрмесін оқырмандарымыздың назарына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Астана — Қазақстанның жаңғыруының, көпұлтты мемлекет пен ондағы ерік-жігердің символы. Бұл — елдің қиын-қыстау кезеңдерде жарқын болашаққа деген берік сеніммен батыл қадамдарды атқаруының жемісі.

Онлайн кітап көрмесінде «Тұлға туралы толғамдар», «Елорда», «Астана ғасырлары», «Астана суретшілер көзімен», «Жан жүрегім — Астана», «Ақорда», сондай-ақ тәуелсіздік құрдастарының шығармалары басылған «Жеңімпаз ұрпақ», «Тәуелсіздік дәуірі» сияқты басқа да еңбектердің шығу тарихы мен мазмұнына кең көлемде шолу жүргізілді.