«Қандөзде ізі қалған ұлы есімдер»

05.07.2021 Выкл. Автор admin
«Қандөзде ізі қалған ұлы есімдер»

 

Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған өлке – тұнған шежіре» жобасы аясында, өңірімізге танымал қайраткерлер, ақын-жазушыларды насихаттау мақсатында «Қандөзде ізі қалған ұлы есімдер» атты кітап көрмесін ұсынды.

Мақсаты: Өлкенің танымал тұлғаларының еңбектерін, ақын-жазушылардың шығармаларын насихатау, жергілікті авторлардың еңбектеріне қызығушылықты арттыру.

Елге танымал тұлғалардың еңбектері ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды. Оқырмандар поэзия туралы өз ойларымен бөлісті.

Оқырмандарға  кітапхана  қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылды.

Кітапханашы  оқырмандарды өңірдің ұлы тұлғаларымен, ақын-жазушылармен таныстырды, библиографиялық шолу жасады. Шараға кітап сүйер қауым, оқырмандар мен «Жас ұрпақ» қызығушылар клубының мүшелері қатысты.