«Асылмын әлі күнге танылмаған» атты поэзия сағаты

16.09.2021 Выкл. Автор admin
«Асылмын әлі күнге танылмаған» атты поэзия сағаты

2021 жылдың  16 қыркүйегі күні  Бесарық ауылдық кітапханасында  «Асылмын әлі күнге танылмаған»  атты поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты:  Күні бүгінге дейін толық зерттеліп, танылмай келе жатқан  қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, суырып салма ақын, жыр жүйрігі Құлан Алдабергенұлының  өмір тарихын  таныстырып, асыл мұраларын  жыр сүйер оқырмандарға насихаттау, жас жеткіншектерді поэзияға, отаншылдыққа тәрбиелеу. Осы мақсатта  кітапханада ақын Құлан Алдабергенұлының шығармалары енген кітаптар («Ай-заман-ай, заман-ай», «Бес ғасыр жырлайды», «Ақындар аманаты»), ақынның шығармалары топтастырылып, құрастырылған бірнеше әдебиеттер, энциклопедия, тарихи кітаптар  жинақталып, тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталды.

Шара барысында ақын Құлан Алдабергенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқылып, кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды. Жас оқырмандар  ақынның  «Аузымда өлең деген алмасым бар» өлеңін жатқа айтса, «Атандым атым Құлан, қасқа кедей», «Термелер» өлеңін мәнерлеп оқыды. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын есімі мен өлең –жырлары халық есінде мәңгілік сақталады.