«Қариялық пен қарттық құпиясы!» атты зейнеткерлерімізді құрметті демалысқа шығарып салуға арналған мерекелік кеш

29.09.2021 Выкл. Автор admin
«Қариялық пен қарттық құпиясы!» атты зейнеткерлерімізді құрметті демалысқа шығарып салуға арналған мерекелік кеш

29 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі халықаралық қарттар күніне орайластырып «Қариялық пен қарттық құпиясы!» атты зейнеткерлерімізді құрметті демалысқа шығарып салуға арналған мерекелік кеш өтті. Іс-шараны өткізудегі мақсат – ардагер әріптестерге құрмет көрсету. Үлкенді құрметтеу, қазыналы қарттарымызға қолдау көрсету жас ұрпақтың қазыналарымыздың алдындағы басты міндеті және парызы болып саналады.

Шараға Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шертекова, қариялар және кітапханашылар қатысты.

Мерекелік кеште жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, бар өмірін кітапхана саласына арнаған аяулы жанның еңбегі ерекше атап өтілді.  Зейнеткер әріптестерге өздерінің ізін өкшелеп келе жатқан жас буын шынайы көңілден шыққан жүрекжарды тілектерін айтты.  Сондай-ақ, ән мен күйден шашу шашты.