«Жабайы алма» повесіне талдау

08.10.2021 Выкл. Автор admin
«Жабайы алма» повесіне талдау

Сүттіқұдық ауылдық кітапханасы 2021 жылдың 8 қазан күні С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесіне талдау жасады. Мақсаты: Оқушыларға қазақтың белгілі жазушысы С.Мұратбековтың өмірбаяны мен шығармасымен таныстыру. «Жабайы алма» әңгімесін талдап, мазмұнын, көркемдік ерекшелігін таныту. Оқушылар жазушының «Жабайы алма» повесі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, қысқаша мазмұнынан тусіндіріп шықты. Жазушының таңдаулы әңгімелерінің әрқайсысы жеке дара бір көркемдік әлем сияқты. С.Мұратбеков әдебиет әлемінде өзгеше өрнегімен жұртшылық назарын өзіне аударған жазушы. Жазушы шығармаларында адам бойындағы жақсылық, сезімталдық, қайырым ізгілік, тазалық, адалдық сияқты — этикалық категориялар жазу негізгі мұраты сияқты. Шараға №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектеп оқушылары қатысып , өз ойларымен бөлісті. Повес желісі бойынша сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.