1 желтоқсан — Дүниежүзілік Спид-ке қарсы күрес күніне

24.11.2023 Выкл. Автор editor
1 желтоқсан — Дүниежүзілік Спид-ке қарсы күрес күніне

24 қараша күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың Оқырмандарға Қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Дүниежүзілік Спид-ке қарсы күрес күніне байланысты Қыран мектебінің 8 сынып оқушыларымен кітапханашы З.Садыкова ЖИТС-тің өзектілігін, сақтану жолдарын, пайда болу себептерін атап өтіп және «Ғасырдың қасіретті дерті» атты кітап көрмесін таныстырып біраз мағұлмат берді.

Мамандар жастарға дұрыс тәрбие беруге, білімге, еңбексүйгіштікке олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет екендігін  айтты.

Мақсаты: Жастарға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру; олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілігін орнықтыру.