Негізгі мазмұнға өту
Дс–Жм 09:00–18:00, Сб 10:00–17:00 +7 (72435) 2-20-39
ҚАЗ Русский — РУС
Жаңақорған аудандық кітапханасы

Білімге жол — кітаптан басталады

Кітап қорынан іздеңіз, онлайн брондаңыз, іс-шараларға тіркеліңіз — бәрі бір жерде.

Жаңа түсімдер

Бүкіл каталог
Адырбек Сопыбековтың портреті
Ақын, журналист · 1937–2016

Кітапхана есімі

Адырбек Сопыбеков

Адырбек Сопыбеков (1937–2016) — ақын, журналист, өлкетанушы. Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, ұзақ жылдар аудандық және облыстық газеттерде еңбек етті, аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінің редакторы болды. 1990 жылдан М. Көкенов атындағы шығармашылық өнер мектебін басқарды.

Балаларға арналған өлеңдері антологиялар мен бастауыш сынып оқулықтарына еніп, орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылды. «Көзілдірік», «Айға сапар», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ» жинақтарының, «Хорасан ата» поэмасының және «Жаңақорған» тарихнамасының авторы. Қазақстанның құрметті журналисі, Жаңақорған кентінің құрметті азаматы.

Кітапхана — аудан тұрғындары үшін білім, мәдениет және тіл орталығы. Біз оқырмандарға кітап қорын, электронды ресурстарды және тұрақты мәдени іс-шараларды ұсынамыз.

Кітапхана туралы толығырақ

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқырман билетін қалай алуға болады?

Жеке куәлігіңізбен кітапханаға келіңіз немесе сайтта онлайн тіркеліп, билетті келесі сапарда алыңыз. Қызмет тегін.

Кітапты қанша уақытқа алуға болады?

Көркем әдебиет 14 күнге беріледі. Мерзімді жеке кабинет арқылы онлайн ұзартуға болады.

Брондалған кітап қанша күн сақталады?

Кітап дайын болғаннан кейін 3 жұмыс күні сақталады. Хабарлама электронды поштаға келеді.

Электронды кітапханаға кіру ақылы ма?

Жоқ, тіркелген оқырмандар үшін электронды қор толығымен тегін.

Кітапханашыға сұрақ

Жауапты жұмыс күні ішінде электронды поштаңызға жібереміз.

Байланыс

  • МекенжайҚызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі, 124
  • Телефон+7 (72435) 2-20-39
  • Электронды поштаjana-kitap@mail.kz
  • Жұмыс уақытыДс–Жм 09:00–18:00, Сб 10:00–17:00, Жс — демалыс
  • ДиректорыТилеубергенова Асемкул Манаповна
Бізді табу оңай Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі, 124