«Тіл — елдіктің айнасы»

03.09.2021 Выкл. Автор admin
«Тіл — елдіктің айнасы»

3 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерейтойы аясында, ақын, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың 5 қыркүйек туған күніне орай, Қазақстан Халқы  Тілдері күніне байланысты «Тіл — елдіктің айнасы» атты білімділік сайысы өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету, тілдің көркемдігін, байлығын көрсету.              Шараға N51 М.Қаратаев атындағы жалпы орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары Махаббат Мадалиева мен Зәуре Махмұтжан қатысты. Оқушылар  «Білгірлер» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлініп,  «Бәйге», «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр», «Жорға», «Жалғасын тап», «Ұшқыр ой» атты 5 кезеңнен тұратын сайыста жарысқа түсіп, өз білімдерін көрсетті. Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысы бойынша екі топты да жеңімпаз деп аталып, алғысхаттармен марапатталды. Сайыс соныңда оқушылар  «Туған тілім – түп қазығым, айбыным» атты кітап көрмесімен танысты.