Жергілікті ақын — жазушылар

20.09.2018 0 Автор admin

Жаңақорғанның қасиетті топырағынан талай атпал азаматтар шығып, халыққа қызмет етті. Экономикалық,  әлеуметтік жағдайын және мәдениетінің өсуіне өзіндік үлестерін қосты. Олардың еңбегі ел есінде қалды.  Қазыналы қарт Қаратаудың қапталы мен сұлу Сыр бойын алып жатқан Жаңақорған жерінде өз шығармаларымен  оқырмандарына  таныс қалам қайраткерлерінің туындылары көршілес және шет ел мемлекеттеріне кеңінен танымал.

Ақын, жазушы, өнер иелері 

Құлан Алдабергенұлы – (1861-1931ж) Қосүйеңкі  Тастүскен ауылында туған. Еңбегі толық жинақталып болмаған. Ақын.

Шәймен Дәрібаев – (1897-1933ж) Майшыда (Төменарық) туған. “Өмір — дәурен” атты кітабы (1998ж) шыққан. Ақын.

Райхан Бекжанұлы Шалапов – (1892-1970ж) Жаңақорғанда туған. Жеке зертеліп бітпеген. Ақын.

Манап Көкенов – (1928-1992ж) Қаақстанның Халық ақыны (1980ж), “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері” (1972) “Сырдария саздары” (1983), “Сыр әуендері” (1989ж), “Екі мыңыншы сапар” (1989ж), “Көгілдір күмбездер” (1999ж) кітаптарының авторы.

Құтбай Дүрбаев – (1906-1971ж) Өзгент ауылында туған. Әнші, ақын, сазгер. Репертуарында 250 дей өлең-жыр, ән-күй болған. 1969 жылы Алматыда өткен халық ақындарының слетіне қатысқан.

Есіркеп Қоңқабаев – (1922-1991ж) Бесарық аймағындағы Кеңес айылында туған. “КСРО-ның үздік мәдениет қызметкері”. Ол Манаппен, Әбужүсіппен, Аманбаймен айтысқан. Көне мұраны көп жинаған.

Дүкенбай Досжан – 1942ж. 9 қыркүйек. Құланшыда туған. Тұңғыш кітабы (өлеңдер) 23 жасында шыққан. Бүгінде 11 роман, 20-дан астам повестің авторы. “Құм кітабы” үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (1996ж.) берілген. Жаңақорғанның “ХХ ғасыр Адамы” (2001ж.)

Әлшекей Бектібайұлы – (1847-1932ж.) Төменарықтағы “Бектібайсазында” туған. 100- ге тарта күйі болған, бізге 60-ы жеткен. Күйші сазгердің “Аққу-кеткен”, “Жаяу кербез”, “Толқын”, “Егес”, “Шерлі”, “Теріс қақпай” т.б. бар.

Төлепберген Әбдірәшев – 1948 ж Кеңес ауылында туған. Халықаралық дирижерлер конкурсының дипломанаты. Қазақстанның Халық әртісі (1995ж) профессор. Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Тынымбай Нұрмағанбетов – 1945 ж Бірлікте туған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. “Қош бол ата” (1972ж) “Тұнық су” (1980ж), “Жер иісі” (1990ж) және “Жоғалған көл”, “Біз түріктерміз” т.б. кітаптардың, пьесалардың авторы. ПЭН клубының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты.

Жүсіп Қыдыров Байболатұлы – (1937-1983) Бесарықта туған. Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері. Қазақ поэзиясындағы орны бөлек ақынның 42 күйі бар. Туған жеріндегі №54 мектеп Жүсіптің атымен аталады.

Бақыт Сарбалаұлы – 1947 ж Жайылымда туған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Алаш сыйлығының  иесі. Белгілі сыншы, публицист, “Қазақ елі” газетінің бас редакторы.

Базарбай Исаев – 1941 ж Манап ауылында туған. Жазушылар Одағының мүшесі. Детектив жанрында жазатын подполковник-жазушы, ақын.

Сейсен Мұхтарұлы – (1946-2000ж) №26 разъезд. Кейден ауылында туған. Жазушылар, Журналистер, Суретшілер Одағының мүшесі. Поэзиялық және зерттеу ғұмырнамалық кітаптар жазған. Соңғы кітабы “Кәмпеске” (1997ж)

Жолтай Әлмашев – 1957 ж Қырашта туған. Жазушы, филология ғылымдарының кандидаты. “Сұлтанбек Қожанов”, (1995 ж) “Нәзір Төреқұлов” деректі кітаптары жарық көрген. “Найзашың”, т.б. кітаптары бар.

Адырбек Сопыбеков – 1937 ж Кеңес аулында туған. Жазушылар Одағының мүшесі. Қызылорда облысының Құрметті қайраткері. Балалар ақыны. 15-тей кітабы шыққан. Мектеп оқулықтарына өлеңдері енген.

Жақсылық Рахматулла – 1945 ж Жаңақорғанда туған. Журналистер, Жазушылар Одағының мүшесі. “Өмір самалы” (1993 ж), “Дария ғұмыр” (1996 ж), “Алыстай берген ауылым” (1997 ж) т.б. кітаптары бар. Облыстық “Сыр бойы” газетінің бас редакторы.

Байбота Серікбаев – 1954 ж “Талапта” туған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, “Гүлдерайым” (1979 ж), “Жұлдызым жоғары” (1981 ж) т.б. кітаптардың авторы.

Темірхан Момбекұлы – 1953 ж “Талапта” туған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. “Ғашықтың жөні бір басқа” повесінің авторы.

Нұртас Ибрагимұлы Исабаев – 1954 ж Жаңақорғанда туған. Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. Жазушылар Одағының мүшесі. Бірнеше кітаптың авторы.

Файзулла Пәзілбекұлы Сахиев – 1948 ж “Ынтымақта” туған. Журналистер Одағының мүшесі. “Жыр бесік” (1983ж), “Тоғыз перне” (1988), “Жүректегі жауһарлар” (2001ж) кітаптарға өлеңдері енген. Жаңақорған қонысының “Құрметті азаматы” (1998ж) “Қосүйеңкінің қос бәйтерегі” (2003ж) деректі кітабының авторы.

Ақмырза Құлтасов – 1945 ж Қосүйеңкіде туған. Сықақшы ақын. “Алты әзілкеш” топтамасында сықақтары енген.

Анарбай Мырзахметов – 1963-2003ж Жаңақорғанда туған. “Жүректегі жауһарлар” жинағына өлеңдері енген.

Нұрмахан Елтай  — 1953 ж Қандөзде туған. “Қатырамыз” атты сықақ жинағының авторы. Облыстық “Сыр бойы” газетінде істейді.

Әкім Мейірбеков – 1938 ж Қырашта туған. Ақын журналист. Төрт жыр кітабының авторы.

Әзімхан Бердәлі – 1951 Жаңақорғанда туған. Республикалық “Тамаша” ойын-сайық отауының бас директоры. Мамандығы вокалист.

Әбілхан Әбіласанов – 1949 ж Екпіндіде туған. Журналист зерттеуші. Көне Сыр қалаларын зерттеген. Бірнеше кітаптары шыққан.

Қалила Омаров – 1957 ж Жаңақорған қонысында туған. Кино режиссер. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының (1992 ж), Халықаралық Жамбыл сыйлығының (1996 ж) иесі. Киномотографистер Одағының мүшесі.

Тәңірберген Қалауов – 1936 ж “Талапта” туған. “Сыр гүлі” ән-би ансамблін алғаш ұйымдастырушы, Республика оқу ісінің үздігі. Айтулы “Қызылорда вальсінің” авторы.

Бақтыбай Қажы Айнабекова – 1949 жылы Бесарықта туған. Төрт өлеңдер жинағы шыққан.

Гүлзат Шойбекова – Төменарықта туған. Жазушы. “Отырар кітапхананың сериясымен”, “Тоты аралының тұрғыны” атты прозалық кітабы (2001) жарық көрген.

Мұсабек Әшімұлы – 1938 жылы Жаңақорғанда туған. “Ақын жүрегі” атты өлеңдер кітабы (2001 ж) шыққан.

Шайдарбек Әшімұлы – 1934 жылы Жаңақорғанда туған. Көне мұраларды зерттеуші. “Сыр бойындағы әулиелер” (2000 ж) “Сыр ғұламалары” (2002 ж) кітабы шыққан.

Бексұлтан Байкенжеев – (1949-1993) Қосүйеңкіде туған. “ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер” 150-дей ән жазған. “Ақбаян” (1984 ж), “Ақгүлім” (1992ж), “Сағынып жүрші” (1994ж) ән кітаптары шыққан. Аудандағы өнер мектебінің негізін салған.

Әбілқайыр Сыздықов – 1971 жылы туған. 1985 жылдан Республикалық ақындар айтысында қатысып келеді. 2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығына ие болған. Облыстың бас ақыны. “Тілім менің бүлінбеген” атты Республикалық айтыста (2003 жылы) бас жүлдені жеңіп алып, “Волга” автокөлігіне ие болған. Аудандық мәдениет үй-жанындағы №3 жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің меңгерушісі.

Сауранбек Елеуов – 1955 ж Жаңақорғанда туған. 60-тай ән жазған. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иеі (1994 ж) Бүгінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ Түрік университетінде оқытушы.

Нұрберген Тастаев – 1957 ж туған. №13 кәсіптік-техникалық мектебінің директоры. 50-ден астам әннің авторы. Екі ән-жыр кітабы шыққан.

Өмірбек Марсалиев – 1946 ж Жаңақорғанда туған. Әлшекей атындағы өнер мектебінің мұғалімі. Елуден астам әні бар.

Нағызхан Жаманбаев – (1940-1990ж) Жаңақорғанда туған. “Қаракөзайым” әнімен елге танылған. Бірнеше әннің авторы.

Әмір Мәжитов – (1937-1993 ж) Тоқтамыста туған. Режиссер, драматург, ақын, әнші. “Бір үзім нан” пьесасының авторы.

Айдархан Бибасаров – 1938 жылы Төменарықта туған. Журналистер Одағының мүшесі. Үш кітабы шыққан. Көп жыл аудандық газетті басқарған.

Әбдікамал Дүйсебаев – Төменарықта туған. Ақын. Алматы баспасынан екі кітабы шыққан.

Әбдірейім Өміров – 1953 ж Өзгентте туған. “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері”. Өнер мектебінің директоры.

Нәзүл Әбутұрапова – Журналист “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” (1998ж) “Ғұмыр дария” (2002жд) деректі кітабының авторы.

Аманбай  Өтебаев – 1948 ж Төменарықта туған. Клуб меңгерушісі. 70 әннің авторы. “Гүлсара”, “Әкені аңсау”, “Аққу қаздар” т.б.

Райымбек Әділбеков – 1937 жылы туған. Ақын, Қазақстан ақын-жыршылар Одағының мүшесі.

Тынысбек Дүйсебеков – 1937 ж Төменарықта туған. Мамандығы есепші-экономист, күйші-сазгер. Әлшекей күйлерін жинақтаушы, жиырмаға тарта күйдің авторы.

Оразбек Мақсұтұлы – Кейденде туған “Сыр бойы” газеті редакторының орынбасары.

Екі жинағы шыққан.