«Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында   семинар өтті.

20.11.2018 Выкл. Автор admin
«Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында   семинар өтті.

Жаңақорған аудандық кітапханасында  «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында   семинар өтті.

Семинарды мекеме басшысы Асем Манапқызы ашық деп жариялап, заманауи оқырманға заманауи кітапхана қызмет көрсету керектігін  баса айтты.

Семинар барысында Елбасының кітапхана ісін цифрландыру жөнінде тапсырмасы аясында   Жаңақорған аудандық кітапханасының  аталмыш  тапсырмаға сәйкес,  жаңа бағытта жаңартылған портал арқылы қызмет көрсететінін айтты.  Кітап сүйер қауым енді кітапханаға бас сұқпай виртуалды түрде zhanakorganlib.kz  порталы арқылы кітапхана қызметін пайдалана алады.  Сонымен қатар жиын барысында кітапханашылар арасында «Сұрақ бізден, жауап Сізден…» ой толғау кезеңі ұйымдастырылды. Ең көп сұраққа жауап берген Төменарық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Есіркепова Нұргүл  ынталандыру сыйлығыне ие болды.