«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты патриоттық кеш
30.11.20182018 жылдың 30 қараша күні Төменарық ауылдық кітапхана мен клуб үйінің бірлесуімен клуб үйінде Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты патриоттық кеш өтті. Шаранның мақсаты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы «Ел тірегі – Елбасы» атты кітап көрмесімен таныстырып, ауыл әкімі Н.Орынбекұлы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Құтжанов, №223 орта мектеп директоры Б.Әбен өз лебіздерін білдірді. Оқушылар «Отаным менің Қазақстан», «Ана-әке», «Көк тудың желбірегені», «Қазақстаным», «Бейбітшілік мәңгілікке сақталсын» атты әндерін орындап, «Ерке сылқым» күйін орындады. 10-сынып оқушысы Қ.Дүйсенбек « Елбасына арнау» өлеңін оқыды. Кеш соңын кітапханашы Н.Есіркепова «Ұлы даланың дарабозы» атты Елбасына арнауымен аяқтады.