«Мен тұратын өлке» танымдық кеш

18.06.2019 Выкл. Автор admin
«Мен тұратын өлке» танымдық кеш

2019 жылдың 18 маусымы күні Бесарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен балалар тынығу лагерінде  «Мен тұратын өлке» атты танымдық кеш өткізілді.  Мақсаты: «Ауыл — алтын бесік» жобасын насихаттау, оқушылардың туған жеріне, еліне, өскен ауылына деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жер табиғатын, байлығын қорғауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Кітапханашы Елбасының Жолдауындағы «Ауыл – алтын бесік» атты жобасының маңызын айта келіп, әр адамда  отансүйгіштік патриоттық сезімнің өскен ауылына деген сүйіспеншілігінен басталатынын айтты.

Шара барысында ауылдың көрікті жерлерінен слайд  көрсетіліп, ауыл тарихына байланысты аңыз-әңгімелер айтылды. Оқушылар Ж. Қыдыровтың «Кітан ұшқан», «Диірмен — баулар», «Көк тоған», А. Сопыбековтың  «Бесарық»  атты өлеңдері оқылып, кітапханашы шараны қорытындылап, қазіргі таңдағы ауыл жетістіктері мен  алдағы уақытта  атқарылатын игі жұмыстар жайлы айтты.