Нашақорлық-шын қорлық

27.06.2019 Выкл. Автор admin
Нашақорлық-шын қорлық

27 маусым күні Бірлік ауылдық кітапханасында «26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында «Нашақорлық-шын қорлық» атты слайд — шолу өткізілді. Іс-шарада кітапханашы К.Сұлтанбаева нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы мағлұматтар беріп, есірткі қылмысын жасағандарға қолданылатын жаза түрлері жайлы айтып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің улы зат екенін, оның адам өміріне қауіпті екенін түсіндіру, жаман əдеттен бойларын аулақ ұстауын қалыптастыру.

Шара барысында оқушылар «Есірткінің қандай түрлері бар?», «Есірткінің адам организміне əсері қандай?», «Есірткіге құмарлық дегеніміз не?, «Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады? деген профилактикалық сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға сала отырып пікір алмасты. Оқушылар шараға белсене қатысып, өздерінің нашақорлыққа қарсы көзқарастарын білдіре алды