«Қызы едім бір байдың өлең деген» поэзия кеші

28.06.2019 Выкл. Автор admin
«Қызы едім бір байдың өлең деген» поэзия кеші

2019 жылдың  28 маусым күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен Шалхия ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау самалы лагерінде» ақын Ханбибі Есенқарақызының 70 жасқа толуына орай «Қызы едім бір байдың өлең деген»  атты поэзия кеші өткізілді.

Мақсаты: Ақын шығармаларын балаларға насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Айымбетова шараны ашып, ақын өмірі мен шығармаларына тоқталып өтті. Оқушылар ақынның «Қыздар», «Сарбаздар жыры», «Жан айқайым, бабам, саған жете ме?», «Тарихқа тағзым», «Құлағымда арайлы үн», «Бейтаныс қыздың монологы» атты өлеңдерін көпшілікке оқып берді. Кеш соңында шараға қатысқан белсенді балаларға сыйлықтар мен марапаттар тапсырылды.