«Домбырам асыл мұрам» күй кеші
01.07.2019Елбасының қолдауымен 1 шілде арнайы домбыра күні болып бекітіліп, ресми түрде ұлықталды. Осыған орай №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен 1 шілде күні саябақта өнер мектебінің оқушыларымен қатысуымен «Домбырам асыл мұрам» атты күй кеші болып өтті.
Мақсаты: Жастарымыздың ұлттық өнерге деген ықыласына, домбыраға деген қызығушылықтарын күйге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарға домбыраның шығу тарихымен таныстырып, оқушылар термелер тартып, күйлер орындады.