«Нашақорлық — келешексіз өмір» паблик рилейшнэ

26.06.2019 Выкл. Автор admin
«Нашақорлық — келешексіз өмір» паблик рилейшнэ

26 маусым  күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен орталық саябақта нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күніне орай «Нашақорлық — келешексіз өмір» атты паблик рилейшнэ (Publik relations, қоғаммен байланыс) шарасы өткізілді. Мақсаты:  Жастарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық,  СПИД, арақ, темекі  сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.

Көпшіліктің ерекше назарын аудару арқылы жасалған  шара барысында кітапханашылар  қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес  туралы жазылған аудандық кітапхана қорындағы басылымдардан «Нашақорлық заман дерті» атты кітап көрмесін жасап, таныстырды.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемеларының ұлттық орталығының  «Есірткі? Бұл біздің тақырыбымыз емес! Өміріңді барлық жағынан бағала!» және «Есірткі профилактикасы» атты паракшаларын жастарға тарқатты. Бұл парақшаларда нашақорлық салдары, есірткіден бас тарту тактикасы, марихуананың жанама әсерлері, адам денсаулығына тигізетін зияны жайлы жастарға үндеу жарияланған. Кітапханашылар жастарға  жаман әдет, жат қылықтардан  аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.