«Табиғатты аяла да бағала» сурет сайысы
25.07.20192019 жылдың 25 шілде күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен Кеңес ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Талдысу» тынығу лагерінде «Табиғатты аяла да бағала» атты сурет сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу арқылы табиғатқа жанашырлығын ұғындыру.
Шара барысында оқушылар «Бояулар» тобы және «Қарындаштар» тобы болып екі топқа бөлініп, табиғаттың тылсым сырлары туралы суреттер салып, әр топ өз суреттерін түсіндіріп өтті. Шара соңында оқушыларға сыйлықтар берілді.