«Цифрлы Қазақстан – жаңа жаһандық болмысқа бастар жол» кітап көрмесі
31.07.20192019 жылдың 31 шілде күні №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Цифрлы Қазақстан – жаңа жаһандық болмысқа бастар жол» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жаңа технологиялар арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтіндігін түсіндіріп өту.
Шараға №51 орта мектептің информатигі Б.Айтеков, №56 орта мектептің программисі Б.Мамадиев, «УалиХан» ДК программист-ІТ менеджері Абылайхан Уалихан, «УалиХан» ДК программист-ІТ технологы Набиханұлы Шерхандар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып шолу жасады.