«Ата заң – бабалар аманаты» атты дөңгелек стол ұйымдастырды

28.08.2019 Выкл. Автор admin
«Ата заң – бабалар аманаты» атты дөңгелек стол ұйымдастырды

28 тамыз күні Жаңақорған аудандық кітапханасы мен аудан әкімшілігі, аудандық сот мекемесі бірлесе отырып «Ата заң – бабалар аманаты» атты дөңгелек стол ұйымдастырды.

Шараға аудандық сот төрайымы А.Түбекбаева, аудан әкімі аппаратының құқық бөлімінің мамандары А.Жусипов, Ж.Асылбайұлы, адвокаттар Қ.Тулепбергеов, Г.Увайдаева, кәсіби медиаторлар О.Жамалханаов, А.Баймұратов, «Жастар ресурстық орталығынан» Н.Айдаров, М.Құлмырзаев және аудан жастары қатысты. Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылған шарада қатысушылар саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы, Ата заң азаттығымызды айқындайтын, тәуелсіздігімізді паш ететін дербес мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжат екенін, әр адамның өз құқығын білуі қажеттігін  ортаға салып, өз пікірлерін білдірді. Мектеп оқушылары А.Дүйсенхан мен Д.Омар «Ата заңға» арналған  өлең жолдарын оқыды.  Конституция туралы бейнеролик  тамашалады. Конституция мерекесі күніне орай «Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата заң» атты кітап көрмесімен кітапханашы М.Жиенбаева таныстырып өтті. Шараны кітапхана директоры Ә.Тилеубергенова қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді. Шараға 40 адам қатысты.