«Ислам – бейбітшілік діні» атты дөңгелек стол өткізілді

23.08.2019 Выкл. Автор admin
«Ислам – бейбітшілік діні» атты дөңгелек стол өткізілді

23 тамыз күні Жаңақорған аудандық кітапханасы мен «Жастар ресурстық орталығының» бірлесіп ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік діні» атты дөңгелек стол өткізілді. Мақсаты: жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және ислам дінін насихаттау. Өз дініне құрметпен қарауға сенімін арттыру.

Шараға  аудан жастары, кітапхана оқырмандары, Жаңақорған аудандық мешітінің наиб имамы Баймұратов Мейрамбек қатысты. Кітапханашы М.Жиенбаева шараны ашып, қонақтармен таныстырып, жастарға «Иманға кел» видеоролигін көрсетті. Жалпы жастардың діни сауаттылығы, Исламдағы «жиһад» ұғымы, діни экстремизм және терроризмге қарсы іс қимыл жөніндегі жастар арасындағы іс-шаралар, қазіргі жастардың имандылыққа, патриоттыққа бет бұруы жайлы ашық пікірлесті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ директордың уақытша міндетін атқарушы Н.Айдаровқа, шара қонағы М.Баймұратовқа сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Кітапханашы М.Жиенбаева «Терроризм – қоғам алдындағы дерт» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. «Алланың бары ақиқат» атты видеоролик көрсетіліп, мішіттің наиб имамы М.Баймұратов шараға қатысқан жастарға алғысын айтып қорытындылады. Шараға 35 адам қатысты.

Жастар арасындағы аса маңызды бағыттардың бірі — экстремизмнің алдын алу жұмыстарын өткізу болып табылады. Осы мақсатта Бірлік ауылдық кітапханасында «Діни экстремизмнің пайда болу себебі не?» атты тақырыпта имандылық сағаты өтті. Дəрісті жүргізген ауылымыздағы «Ібін-Ата» мешітіндегі ұстаз Еркін Нұрлан. Шара барысында Еркін Нұрлан Ислам діні мен діни экстремизм туралы тереңірек түсіндіріп, күрделенген саяси ахуал, теріс ағымдар мен олардан сақтану шаралары жайлы кеңінен мағлұмат берді. Шараға қатысушылар экстремизмнің пайда болуының негізгі себептерін белсене талқылап, арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты.