«Жыр — менің планетам» атты виртуалды кітап көрме

24.10.2019 Выкл. Автор admin
«Жыр — менің планетам» атты виртуалды кітап көрме

Бірлік ауылдық кітапханасында 24 қазан күні аталмыш тақырыпта Қазақстанның халық жазушысы  Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау мақсатында ақпараттық видеоролик көрсетілді. «Жыр — менің планетам»- атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі жасалды.

Шара барысында кітапханашы слайд шоу арқылы ақынның өмірбаянымен таныстырып, шығармаларына шолу жасады. Фариза апамыздың сөзіне жазылған əндер тыңдалды. Бірлік халық театрының режиссері, кітапхананың тұрақты оқырманы Н.Қыпшақбаева Фариза ақынның сыршыл, өткір де өршіл лирикалары жайлы айтып өтіп, оның кітаптарын алып оқуға кеңес берді. Өз кезегінде ақынның «Жарқылдап жанарымда бір от менің» — атты жырын мəнерлеп жатқа оқып берді. Шараға қатысушылар ақын шығармаларын оқи отырып үйлесім сұлулығын, əйел əлемінің энциклопедиясын ақтарғандай əсерде қалды десек болады.