«Қандай көркем — туған өлкем» атты ауызша журнал

17.10.2019 Выкл. Автор admin
«Қандай көркем — туған өлкем» атты ауызша журнал

17 қазан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бірлік ауылдық кітапханасында «Қандай көркем — туған өлкем» атты ауызша журнал өткізілді.

Мақсаты: Жасөспірімдердің өлкеміздің кешегі, бүгінгі тарихы, табиғат байлығы жайлы түсініктерін кеңейту, өз елін, туған жерін сүюге тəрбиелеу.

Іс-шарада туған өлкенің тарихы, табиғаты жайлы мəдени-тарихи мəні бар Ақ Ата, Сам Ата, Бала Əулие зираттары, «Үңгіртас», «Қатын қамал» үңгірлері жайлы слайд шоу арқылы мәліметтер берілді. Үңгірдің қалың қазақ еліне жаугершілік заманда қорған болғаны туралы, сондай-ақ жоңғарлардың толассыз шабуылы халықты әбден қалжыратып, қажытқан кезде жаудың қанды шеңгелінен қашқан халық тау басындағы осы  үңгірлерге тығылғаны жайлы көнекөз қариялардан бізге жеткен аңызға айналған тарихи мәні бар шолу жасалды. Қатпарлы тас қабаттары таусылмайтын сыр шертетін өлке тарихы оқырмандардың қызығушылығын тудырды.