«Еңбек əлеміндегі ауыл əйелдерінің келбеті» атты семинар

20.11.2019 Выкл. Автор admin
«Еңбек əлеміндегі ауыл əйелдерінің келбеті» атты семинар

20 қараша күні Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ауыл — ел бесігі» бағдарламаларының шеңберінде Тəуелсіздікке дейін, Тəуелсіздіктен кейінгі ауыл əйелдерінің келбетін ашу мақсатында Қыраш ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Еңбек əлеміндегі ауыл əйелдерінің келбеті» атты семинар өткізілді. Шараға əйелдер істері, отбасы гендерлік саясат жөніндегі аудан əкімінің кеңесшісі, аудандық мəслихаттың депутаты Əзия Қыстаубаева, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова, аудандық кітапхананың директоры Əсем Тилеубергенова, аудандық іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы, кəсіпкер Баян Божбанбаева, Бесарық ауылдық əйелдер кеңесінің төрайымы, кəсіпкер Рысжан Төлепбергенова, кітапханашылар, ауыл тұрғындары қатысты.

Қатысушылар үшін іскер əйелдердің қолдан жасалған бұйымдарының көрме жəрмеңкесі, «Əйел. Қоғам. Еңбек» — атты кең көлемде кітап көрмесі жасалды. Аталмыш шара өзінің оң нəтижесін берді. Əр салада қызмет етіп, еселі еңбегімен халыққа қызмет еткен ауыл əйелдерінің ауыл аймақтарды дамытудағы рөлі, жеткен жетістіктері, отбасы туралы өскелең ұрпаққа таныстырып, насихаттап отыру мақсатында альбом жинақтары жасалып көрмеге қойылды.

Шара барысында мектеп ұжымының дайындаған сахналық қойылымдары, монолог, əн мен жыр көрермендер тарапынан қызу қолдауға ие болды.
Ауыл — Қазақ елінің жүрегі, қазақтың қасиетті құт мекені, алтын бесігі екенінің куəсі болдық. Ынтымағы жарасқан ауыл халқының ыстық ықыластары, ауызбіршіліктері əрбір істерінің жемісін беруде