Бейімбет Майлиннің шығармаларынан мәнерлеп оқу

15.11.2019 Выкл. Автор admin
Бейімбет Майлиннің шығармаларынан  мәнерлеп оқу

15 қараша күні аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №163 орта мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы Бейімбет Майлиннің шығармаларынан  мәнерлеп оқу өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандардың  мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау. Рухани мұраларымызды насихаттау, балаларды  кітап оқуға тарту.

Шара барысында кітапханашы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан көрнекті суреткер, жазушы, ақын Б.Майлиннің өмірі мен шығармаларымен таныстырып, оқушылар Б.Майлиннің  «Жаңбыр», «Мырқымбай», «Кедей», «Құбанқан» атты  өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А.Назарымбетова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Д.Бегалиева, мектеп кітапханашысы С.Сейтен Б.Майлин туралы деректерін  балаларға айта отырып, жазушының көптеген қыр-сырларын ұғындырды. Шара соңы марапатқа ұласты.