«Қазақтың Фаризасы» жыр кеші

15.11.2019 Выкл. Автор admin
«Қазақтың Фаризасы» жыр кеші

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір — шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың  биыл 80 жыл толуына орай  Талап бекеті ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен  15 қараша күні «Қазақтың Фаризасы» атты жыр кеші  №254 негізгі мектептің 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада болып өтті.

Мақсаты:    Қазақстанның Халық жазушысы Ф. Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру. Поэзияға , Отанға, тілге мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Шарада оқушылар ақынның «Ұстаз», «Қырдағы қыс», «Жаз», «Атамекен» атты өлеңдерін жатқа айтып, «Ақ мамам» әнін шырқап берді. Кітапханашы Н.Ахметова «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.