«Әлемді әнімен әлдилеген» әдеби-сазды кеш

18.10.2019 Выкл. Автор admin
«Әлемді әнімен әлдилеген» әдеби-сазды кеш

Байкенже ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 қазан күні Бексұлтан Байкенжеевтың 70 жылдығына орай «Әлемді әнімен әлдилеген»  атты әдеби-сазды кеші өткізілді.

Кештің мақсаты  жастарды Сыр өңірінің тума таланты, өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевтің өмір жолымен және әндерімен таныстыру, олардың Отанға, тілге және өнерге деген құрметін арттыру.

Кеш барысында  кітапханашы «Әуелеп ұшқан ән өмір» кітап көрмесімен таныстырып,  оқушылар Бексұлтан Байкенжеевтің өмір жолынан қысқаша мағлұматтар  айтып өтті. Бексұлтан Байкенжеевтің қарындасы Н.Өтепбергенова «Ақбаян», балақша қызметкері Б.Маханбетова «Ақгүлім»,   «Гүлденген Жаңақорған» т.б әндері орындалды.

Шара соңында ауыл әкімі Н.Оспанов жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармаларын өскелең ұрпаққа насихатталып тұруын айтып, кештің өз дәрежесінде өткендігін білдірді.