ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына дөңгелек үстел
29.01.20202020 жылдың 29 қаңтарда Жаңақорған аудандық орталық кітапханасында аудан кітапханашыларының қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер, тіл маселелері бойынша, Қ.Тоқаевтың мақаласы аясында ой бөлісу, Абай Құнанбаевтың бай мұрасын кеңінен насихаттау.
Шара барысында аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Алжанова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына шолу жасаса, ауыл кітапханашылары жалпы мақала жайында өз ойларын ортаға салды. Жалпы жиналған көпшілік Президентіміздің мақалада қозғаған ойларына, көтерген мәселелеріне, халыққа жасаған үндеуіне, құзырлы органдарға қойған нақты тапсырмаларына риза болды. Шара соңында аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова шараны қорытындылап, Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп, нақты іспен көрсету керек екенін айтты.