«Туған өлке əдебиетін оқимыз»

12.05.2020 Выкл. Автор admin
«Туған өлке əдебиетін оқимыз»

2020 жылдың 12 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасы «Дарыны өскен, даңқты өлкем – Бірілгім» жобасы аясында «Туған өлке əдебиетін оқимыз» атты айдармен  библиопост жобасын оқырман назарына ұсынды. Мақсаты: кітапхана мен оқырман арасында тығыз байланыс орната отырып, туған өлкеміздің өткені мен бүгінгі тарихын жас ұрпақтарымызға таныстыру, ауылдан шыққан ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау.

Шара барысында  ауыл тумалары Ғайыс Егембердіұлы мен Əбділəзиз Сəйдінəсімұлының бірлесіп ұлт дəстүрін бойына сіңірген оқшау бітім иелері жайында, елінің қамын ойлай білген, дұрыс сөзге тоқтай білген, өз сөзіне тоқтата білген аталар жайлы жазған «Ауылымыздың ардақтылары» атты туынды оқырман назарына ұсынылды. Қазіргі Көлтоғанның тоғанға айналу тарихы, Ақүйік бойындағы Құлым Божбанның ұйымдасуына, орнығуына үлкен үлес қосқан Палуан атамыздың елге сіңірген еңбегі, ел бірлесіп жұмыс істеудің, күш біріктірудің арқасында қоғамдық шаруашылық-колхоздың тез бой көтергенін тілге тиек етілген жолдар,осы жолда тер төккен апа — аталарымыздың сара жолдары сараланып айтылды. Ауыл тарихына қанығатын туындыдан кітап кейіпкерлерінің, яғни ауылымыздың ардақтыларының суреттері көрермен назарына ұсынылды.