«Тіл мерейі – ел мерейі»
04.09.20202020 жыл 4 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл мерейі – ел мерейі» атты онлайн кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Осы орайда көрмеге қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының еңбектері, ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері, «Қазақ тілінің мәдениеті», «Тілтірек», «Таңбалы тіл» атты кітаптар және тақырыпқа байланысты журналдар қойылды. Сонымен қатар А.Амангелді ақын М.Мақатаевтың «Үш бақытым!» атты өлеңін оқыды. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадыр-қасиетін түсініп құрметтеуге тәрбиелеу. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру.