«Тынымбайдың тұңғиығы»

25.09.2020 Выкл. Автор admin
«Тынымбайдың тұңғиығы»

2020 жылдың 25 қыркүйек күні №1 Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Тынымбай Нұрмағамбетов 75 жасқа толуына орай «Тынымбайдың тұңғиығы» атты онлайн әдеби саз кеші өтті. Саз кешіне «Арман» мәдениет үйінің қызметкерлері Ш.Қарабекова,  Р.Ертаев пен №160 орта мектептің 8-сынып оқушылары бірігіп, ақын Т.Нұрмағамбетовтың 1970 жылдардан бастап шыққан «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Сен қалаған жол» пьесаларынан үзінді қойылды. Кеш соңында көрмемен таныстырылды.

Мақсаты: Тынымбайдың проза, драма, пьесаларын дәріптеу, соның ішінде «Жер исі» романы мазмұнын айқындап ашып түсіндіру,

Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен жарық көрген. Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі.

Көрмеге  «Айқай», «Таңдамалы», «Қауын исі», «Қарлығаштың ұясы» атты кітаптары қойылды. Тынымбай Нұрмағамбетовтың қаламынан туған «Жер исі» романында сыр өңірінің диқаншылық мәселесінің көтерілгендігі, соның ішінде күріш өсіру мәселесі әңгіме болғандығы жайлы және романда автор ұрпақ тағдырымен дән тағдырын байланыстыра отырып, қазіргі замандағы көкейкесті мәселелерді қозғаған жайлы айтылып өтті.